Қауіпсіздік

Біздің жоспарлаған, жобаланған және өндіретін дүниенің ортасында бала тұр, бірінші кезекте біз оның денсаулығы, дамауы, қауіпсіздігі туралы ойлаймыз.  

Ойын алаңының қауіпсіз конструкциясы мен жабдық дизайны осы жабдықты жобалаушылар, өндірушілер, жеткізушілердің, ойын алаңдарының құрылысы, оларды ұстау және пайдалану үшін жауапты ұйымдар мен тұлғалардың; нормативтік құжаттаманы әзірлеумен айналысатын ұйымдар, мемлекеттік, өңірлік және жергілікті биліктің бақылаушы органдарының басты назарында болуы тиіс;  

90-шы жылдардың ортасында Еуропалық одақта балалар алаңдарының бірыңғай стандартын құру қажеттілігінің уақыты жетті. 1998 жылы ұлттық стандарттардың негізгі қағидаларын біріктіріп, техникалық және келісу жұмысын жүргізе отырып, Еуропалық Стандарттау Комитеті Еуропалық Одақ елдері үшін міндетті EN 1176; 1998 стандартын бекітті. 2000 жылы «КСИЛ», балалар алаңдары отандық өндірушілерінің арасынан жалғыз өзі ғана TUV Product Service Халықаралық сертификаттау орталығында өз өнімдерін осы стандартқа сәйкестікке серификаттаудан өтті.  

1999 жылы «КСИЛ» басқа ұйымдармен бірлесе отырып, Мемстандарттың әдістемелік бақылауымен балалар ойын алаңдары жабдығының қауіпсіздігі бойынша РФ ұлттық стандартын әзірлеуді бастады. «КСИЛ» балалар ойын жабдығыныі жетекші өндірушісі болып табылатындығын, сондай-ақ жабдықты тестілеу және зерттеу үшін өзіндік құрылымдарға ие екендігін, біздің еуропалық стандарттарды қолдану және TUV Product Service халықаралық сертификаттау орталығымен ынтымақтастық жүргізу тәжірибемізді ескере отырып, 2003 жылы РФ Мемстандарты «КСИЛ-ді» балалар алаңдары жабдығын стандарттау жөніндегі №455 Техникалық Комитеттің негізгі ұйымы ретінде бекітті.   

2016 жылдың 01 ақпанына біз келесі Ұлттық стандарттарды әзірледік және де оларды Ресей Федерациясының Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Федералдық агенттігі бекіткен:

 
1. ГОСТ Р 52167–2012 «Балалар ойын алаңдарының жабдығы мен жабыны. Әткеншектер конструкциясының қауіпсіздігі мен оларды сынау әдістері. Жалпы талаптар».
2. ГОСТ Р 5168-2012 «Балалар ойын алаңдарының жабдығы мен жабыны. Төбешіктер конструкциясының қауіпсіздігі мен оларды сынау әдістері. Жалпы талаптар».
3. ГОСТ Р 52169–2012 «Балалар ойын алаңдарының жабдығы мен жабыны. Конструкция қауіпсіздігі мен оларды сынау әдістері. Жалпы талаптар».
4. ГОСТ Р 52299-2013 «Балалар ойын алаңдарының жабдығы мен жабыны. Тербелме конструкциясының қауіпсіздігі мен оларды сынау әдістері. Жалпы талаптар».
5. ГОСТ Р 52300-2013 «Балалар ойын алаңдарының жабдығы мен жабыны. Әткеншектер конструкциясының қауіпсіздігі мен оларды сынау әдістері. Жалпы талаптар».  
6. ГОСТ Р 52301-2013 «Балалар ойын алаңдарының жабдығы мен жабыны. Пайдалану кезіндегі қауіпсіздік. Жалпы талаптар».
7. ГОСТ Р ЕН 1177-2013 «Соққыны сіңіретін ойын алаңдарының жабындары. Құлаудың ең жоғары қауіпті биіктігін анықтау».
8. ГОСТ Р 53102-2008 «Балалар ойын алаңдарының жабдығы. Терминдер мен анықтамалар».
9. ГОСТ Р 54415-2011 «Скейт-алаңдарға арналған жабдық. Конструкция қауіпсіздігі мен сынау әдістері. Жалпы талаптар».
10. ГОСТ Р 54847-2011 «Балалар ойын алаңдарының жабдығы мен жабыны. Арқан жолдар конструкциясының қауіпсіздігі мен оларды сынау әдістері. Жалпы талаптар».
11. ГОСТ Р 55871-2013 «Балалар ойын алаңдарының жабдығы мен жабыны. Жайлардың ішінде орнатылатын жабдық конструкциясының қауіпсіздігі мен оларды сынау әдістері. Жалпы талаптар».
12. ГОСТ Р 55872-2013 «Балалар ойын алаңдарының жабдығы мен жабыны. Кеңістік ойын алаңдар конструкциясының қауіпсіздігі мен оларды сынау әдістері. Жалпы талаптар».
Тізімді жасыру (Бүкіл тізімді көрсету)

Бұл стандарттарда балалар алаңдарындағы жарақаттану себептері ескерілген және негізгі қауіпсіздік талаптары әзірленген:

Жабдық баланы ойынға тарту мүмкіндігі көрініп тұратындай болып жобаланған болуы тиіс. Жабдықтың өлшемдері мен қиындық дәрежесі болжамды балалар тобы үшін жарауы тиіс. Жабдықтың бірыңғай тұрақтылығы келесі әдістердің бірімен тексерілуі тиіс: есептеу, физикалық тестілеу немесе екеуін араластыру.

 

ГОСТ 52169-2012 п. 4.3.22.1 Балалардың жабдықтан құлауына жол бермеу үшін таяныштар мен қоршаулар орнатады. 
ГОСТ 52169-2012 п. 4.3.22.2 Балалардың ойын жабдығынан құлауы кезінде жарақаттарды болдырмау үшін жерге түсетін орынның барлығына соққыны сіңіретін жабындар орнатады. 
ГОСТ 52169-2012 п. 4.3.23.1 Жабдық баланың денесі, дене мүшелері немесе киімінің ілініп кептелуіне жол бермеуі тиіс.
ГОСТ 52169-2012 п. 4.3.11 Балалар үшін қолжетімді жабдықтың кез келген бөлігінің бұрыштары мен шеттері дөңгеленген болуы тиіс. Дөңгеленудің минималды радиусы 3 мм.
ГОСТ 52169-2012 п. 4.3.28.3 Таяныштар мен қорғайтын қоршауларды бірінші баспалдақтан бастап, орнатады, және олар кептелуге жол бермеуі тиіс.
ГОСТ 52169-2012 п. 5.3.5.1 Бастайтын (сөре) учаскенің бүйірлері бүкіл ұзындығы бойынша тегіс болып, сырғу учаскесі бүйірлерінің жалғасы болуы тиіс.  
ГОСТ 52169-2012 п. 5.3.6 Қорғайтын керме    Еркін құлау биіктігі 1000 мм артық барлық қоса орнатылатын төбешіктерді қорғайтын кермемен жабдықтайды.Қорғайтын кермені сөре учаскесінің беттігі деңгейінен 600-900 мм биіктікте орнатады.  

ГОСТ 52167-2012 п. 5.5  

Аспа элементтері

Әткеншектерде қатты аспа элементтерін қолдануға тыйым салынады. Аспаның иілімді элементтері ретінде ГОСТ Р 52169 стандарты бойынша арқандар немесе шынжырлар қолданылуы тиіс.

ГОСТ 52169-2012 п. 4.3.1.  Жабдықтың керек-жарақтары мен элементтері:- ересектердің жабдық ішіндегі балаларға көмек көрсету үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуі тиіс;

ГОСТ 52169-2012 п. 4.3.7 Жабдықтың үшкір ұштары немесе шеттері бар шығып тұратын элементтерінің болуына жол берілмейді.
ГОСТ 52169-2012 п. 4.3.10 Пісіріліп қосылатын тігістері тегіс болуы тиіс.

Балалық шақтағы алғашқы тәжірибе мен алғашқы әсерлері баланың бүкіл өміріне із қалдырады, сондықтан да ойын жабдығының қауіпсіз, тартымды және қызықты, баланы ойынға шақыратын, дамуына жағдай жасайтын болуы тиіс!

Тізімді жасыру (Бүкіл тізімді көрсету)