Өндіріс

Соңғы он жылдың ішінде біз техникалық қайта жабдықтау бағдарламасын жүзеге асырып келеміз, ол кәсіпорынға еуропалық сападағы бәсекелестікке қабілетті өнімді шығаруды және балалар алаңдары жабдығы нарығында жетекшілік орынды сақтап қалуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондықтан да «КСИЛ» компаниясының пайдасын пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі болып өндірісті түрлендіруге инвестициялар мен заманауи технологияларды енгізу табылады. 

Бүгінгі таңда 12 гектар аумақта 45000 шаршы метрлік өзіндік өндірістік жайлар орналасқан, олар біздің өндірістің технологиялық тізбегін құрайды: 

Ағашты кептірудің өндірістік учаскесі

Ағашты кептірудің өндірістік учаскесі - арнайы өндірістік автоматтандырылған жабдықтың көмегімен ағаштан ылғалды қажет ылғалдылық пайызына дейін алып тастау процесін орындайды. Кептіру мақсаты – ағаштың табиғи шикізатын жақсартылған биологиялық және физикалық-механикалық сипаттары бар өнеркәсіптік материалға айналдыру. 

Ағаш өңдейтін өндіріс

Ағаш өңдейтін өндіріс – бұл «КСИЛ» өнімдерін жасаудағы аса маңызды кезеңдерінің бірі. Біздің өндірісте ағашты өңдеудің барлық кезеңдері жүзеге асырылған: жиһаздық ылғалдылыққа дейін кептіру, қысым астында өңдеу және арнаулы желімдермен жапсыру, соңғы өңдеу. Дәл осы кезеңдер барысында «КСИЛ» өнімдері элементтерінің белгілі сапасы, сенімділігі мен ұзақ мерзімділігі қалыптасады.    

Шерені өңдеу

Шерені өңдеу – тек жоғары технологиялы, заманауи білдектермен жабдықталған өндіріс балалар алаңдары қауіпсіздігінің стандарттар талаптарын қанағаттандыра алады. Иілістері мен радиустары, дөңгеленген шеттері – бұл бағдарламалық басқаруы бар үздік білдектер бізге мәселені шешуге мүмкіндік беретін ең күрделі міндеттер. 

Металл өңдейтін өндіріс

Металл өңдейтін өндіріс – бұл көп қызметті жабдықпен жабдықталған біздің кәсіпорынның бөлігі, ол шығаратын бұйымдарымыздың ерекшеліктерімен байланысты кез келген міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Осы жабдықтар металл бөлшектерінің радиустарына, жасау дәлдігіне қойылатын қатаң талаптар өнеркәсіптік сериялық өндірісті құруды және сапаны сенімді бақылауды талап етеді.

Бетон өндірісі

Бетон өндірісі - көріктендіруге арналған шағын архитектуралық пішіндер мен элементтерді құру үшін арналған, сонымен қатар урналар, гүлдерге арналған құмыралар, бақ-саябақ дивандары мен темір-бетон фигуралар шығарады.      

Кеңістік ойын желілерін өндіру учаскесі

Кеңістік ойын желілерін өндіру учаскесі  - арнайы жабдықты пайдалана және полипропилен арқандарды араластыра отырып, біз бұл өндірісте көптеген шығарылатын бұйымдарымыздың таптырмас бөлшектері болатын маңызды ойын элементтерін жасаймыз. 

Қысым астындағы пластик құйма мен роторлық пішіндеу

Қысым астындағы пластик құйма мен роторлық пішіндеу - ең күрделі және технологиялық тұрғыдан сыйымды өндірістердің бірі болып табылады. Біз қолданатын барлық пластик элементтерге «КСИЛ» арнайы таңбалауы басылады.  

Лак-бояу материалдарын жағу

Лак-бояу материалдарын жағу – біздің кәсіпорын құрылымындағы бірқатар түрлі цехтар шере, ағаш немесе металл элементтерді бояу алуан түрлі материалдар мен жағу технологияларын талап етеді. Осы технологияларды орындау үшін беттіктерді бояуға дайындауды және белгілі температуралық режимдерді құру үшін арнайы өндіріс учаскелері құрылған. Мұның барлығы «КСИЛ» бұйымдарының атағы шыққан сапаны, беріктікті және түстік қанықтығына кепіл беру үшін қажет болады.   

Жинақтау және тиеу

Жинақтау және тиеу – бұл құрамында дайын элементтер мен бөлшектердің қоймалары, өнім жинақталымы, сапаны бақылау, дайын бұйымдарды қаптау және клиенттерге тиеп, жөнелтуді біріктіретін біздің кәсіпорынның құрылымы. Осы бөлімшенің нақты және үйлесімді жұмысына бүкіл өндірісіміздің түпкілікті еңбек нәтижесі байланысты болады.