Орнату

«КСИЛ» өнімдерін жасау кезінде дизайн және жобалық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде-ақ балалар алаңының ойын және спорттық элементтерін толық бөлшектеу және кейіннен жинау мүмкіндігі ескеріледі. Біздің клиенттер көп жағдайда «КСИЛ-ден» мыңдаған шақырым алыста орналасқан болады және біз жасаған бұйымның қандай да бір проблемаларсыз жеткізіліп, жиналатындығына сенімді болуымыз тиіс. Дәл осы себептен «КСИЛ» балалар алаңдарының барлық өнімдері техникалық паспорт, бекітпесі бар элементтер тізімдемесі және жинау және монтаждау схемасымен бірге жиынтықта жеткізіледі.   

Жинақталым

Комплектация - компанияның дайындалған қызметкерлері тапсырыс берілген балалар алаңының құрамына кіретін бөлшектер мен элементтердің тізбесін қалыптастырады. Бұйымдар мен жинау және орнату үшін қажет материалдардың сапасы мен жинақталымы бақыланады. Сондай-ақ, объектіге дейін тасымалдау кезіндегі балалар алаңының болашақ элементтерін қорғайтын қаптаманың беріктігі бақыланады. 

Жеткізу

Жеткізу – балалар алаңының элементтерін ол жиналатын және орнатылатын орынға дейін тасымалдау. Сақталуына толық кепіл берумен, КСИЛ техникалық мамандарының қадағалуымен арнайы дайындалған автокөлікпен орындалады. 

Жинауға дайындау

Жинауға дайындау – болашақ алаңда түсіргеннен кейін барлық бөлшектер, элементтер мен бекітпе материалдарын ажыратып-шешу жүргізіледі. Жұмыстарды орындау кезектілігі айқындалады және балалар ойын алаңын ірі түйінді жинау орындалады.  

Аумақты дайындау

Аумақты дайындау – КСИЛ техникалық мамандары алдын ала дайындалған аумақта орынды белгілеуді жүргізеді және болашақ балалар алаңының құрамына кіретін элементтердің орналасуын нақтылайды. Орналасуын келіскеннен кейін, алаң негізінің түріне байланысты металл немесе ойын және спорттық жабдық бекітілетін темір-бетон төсемелерін орнату бойынша дайындық жұмыстары жүргізіледі.  

Жинау

Жинау – КСИЛ мамандары жинау құжаттамасы мен қолданыстағы қауіпсіздік талаптарын басшылыққа ала отырып, барлық бұйымдардың түпкілікті жинауы мен бекітуді жүргізетін орнатудың аяқтайтын кезеңі. Конструкциялар беріктігі мен оларды бекіту сенімділігі тексеріледі, еңістердің өлшемдері мен бұрыштары бақыланады.  

Дайын алаң

Дайын алаң – барлық алдыңғы кезеңдерді білікті мамандармен мүлтіксіз орындауының нәтижесі. Пайдаланудың алдында барлық элементтер КСИЛ және Тапсырыс беруші өкілдері тарапынан тағы бір рет бақылаудан өтеді. Тек осыдан кейін балалар алаңы кішкентай пайдаланушыларға беріледі. 

 

«КСИЛ» балалар алаңдарын қауіпсіз және сенімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін жеткізілім жиынтығына кіретін арнайы төсеме бөлшектерді пайдаланумен, ойын элементтерін монтаждауды жүргізу қажет. Сенімді бекіту үшін тірек төсеме бөлшектерді кейіннен бетондаумен топыраққа тереңдету талап етіледі.